Ауыл жастарының жаңа серпіні

Атырауда өткен «Auyl Jastary» облыстық форумында Махамбет ауданының жастары ерекше белсенділігімен танылды. Екі күнге созылған ауқымды шарада аудан атынан барған жас көшбасшылар жаңа идеялар ұсынып, түрлі сес­сиялар мен мотивациялық кездесулерге қатысып, өз әлеуетін таныта білді.

18-19 қараша күндері ұйымдас- тырылған форум ауылдық елді мекендерден жиналған белсенді жастардың басын қосып, пікір ал­масу алаңына айналды. Іс-шараға Орталық аппарат басшысының орынбасары Нұрхат Серікқалиұлы, Атырау облыстық филиалының төрағасы Нұртас Жарылғасынұлы, «Ауыл жастары» жастар қанатының төрағасы Дәурен Берікбайұлы мен мәслихат депутаттары қатысты. Со­нымен қатар облыс орталығы мен жеті ауданнан келген жүзден астам жас форум жұмысына белсене атса­лысты.

Форумның негізгі мақсаты – ауыл жастарының азаматтық белсенділігін арттыру, жаңа идея­лар мен әлеуметтік бастамаларды қолдау, жас буынның кәсіби және тұлғалық дамуына серпін беру. Алғашқы күні жастар ұйымдарының көрмесі ұйымдастырылып, «Ауыл» партиясының өкілдері жастарды құттықтап, өз жобалары туралы ба­яндады.

Махамбет ауданынан барған өкілдер арасында белсенділігімен көзге түскен жастардың бірі – Аманжан Тілегенов.

– Форум жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Мұндай ауқымды шараның Атырауда өтуі – біз секілді ауыл жастары үшін зор мүмкіндік. Партия өкілдері мен кәсіпкерлер ауылдағы жобалар жайлы айтып, тәжірибелерімен бөлісті. Түйгеніміз көп болды,- дейді ол.

Қазіргі таңда Аманжан Нұрланұлы «Ауыл» партиясының Махам­бет аудандық филиалы «Жастар қанатының» төрағасы қызметін атқаруда. Форум аясында ол партияның 25 жылдық мерейтойлық медалімен марапатталды. Бұл – ау­дан жастарының белсенділігіне берілген жоғары баға.

Екінші күні қатысушылар «Жасан­ды интеллект», «Заманауи техноло­гиялар» және «Ауыл кәсіпкерлігі» бағыттарындағы сессияларға қатысып, қазіргі заманғы үрдістермен танысты. Спикерлер қатарында Дәурен Сейітқалиев, Айкөркем Салауатқызы және Арнұр Саттығұлова жастарға мотивациялық ой-пікірлерін жеткізді. Әсіресе, жа­санды интеллект саласындағы жаңа мүмкіндіктер мен ауыл кәсіпкерлігі бойынша берілген кеңестер жастардың қызығушылығын арттыр­ды.

Форум барысында ауыл жастары­на арналған зияткерлік сайыстар ұйымдастырылып, үздік нәтижеге қол жеткізгендер марапаттал­ды. Сонымен бірге қатысушылар этнобірлестік өкілдерінің көрмесін тамашалап, өңірдің мәдени байлығымен танысты. «Auyl Jastary» облыстық форумы Махамбет ауда­нынан барған жастар үшін тәжірибе алмасуға, жаңа серпін алуға және өз бастамаларын жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік берді. Аудан жастарының белсенділігі мен ынтасы ауыл болашағының жарқын екенін көрсетеді.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT