Ауыл аймағын абаттандыру: ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Елтай және округке қарасты Аққала ауылдарында өткен кең көлемді сенбілік өз нәтижесін берді. Іс-шараға округтегі 10 мекемеден жалпы саны 255 адам қатысып, тазалық жұмыстары барысында 30 тоннаға жуық қоқыс жиналды. Сонымен қатар ауыл көшелеріндегі 40 қоқыс жәшігі сырланып, тозығы жеткен 5 баннер жаңаларымен алмастырылды.

Елтай ауылында боздақтарға арналған ескерткіш тақта жаңартылып, ал Аққала ауылында 100 жол белгісі жаңартылды. Жаяу жүргінші өткелдері қайта сызылып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 4 көшеге жасанды кедергілер орнатылды.

Аталған жұмыстар ауыл келбетін жақсартып, тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға бағытталды..

С.Көшеков

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT