Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Махамбет аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері заңсыз есірткі еккен күдіктіні ұстады. Анықталғандай, 54 жастағы ер адам өз ауласында құрамында есірткісі бар көкнәр өсімдік түптерін заңсыз егумен айналысып келген.
-Сараптама қорытындысына сәйкес құрамында есірткісі бар шөптің жалпы салмағы 473,51 граммнан асты, ал кептірілген көкнәрдің салмағы 60,15 гр-ға жуықтады-деді, Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.
Қазір ауласында есірткі өсірген үй иесіне қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен және 296-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.