Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласындағы қазақ тілді контенттің үлесін арттыруды тапсырған болатын. Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылғанын ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Министрдің айтуынша, бүгінде қазақ тіліне деген сұраныс артып келеді.
«Бұл мәселені, ең алдымен, нарық реттейді. Біз, әрине, мүдделіміз, өйткені қазір қазақ тілі сұранысқа ие. Аудиторияның 80% - ы қазақ тіліндегі контентті тұтынады. Кино мен өнерді ең алдымен, қазақ тілінде дамытуға мән беріледі. Нарық осыған бағдарланады және біз осы бағытта жұмыс істейміз, біздің барлық өнімдеріміз қазақ тілінде шығарылады», деді Аида Балаева.
Бұған дейін ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев еліміздегі маркетплейстер мен сатушылар қазақ тілінде қызмет көрсетуге міндеттелетінін хабарлаған еді.