Аудит жемқорлықты бақылайды

Мемлекеттік аудит жүйесі елдің экономикасын, қаржылық тәртіпті сақтаудың және дамытудың ең маңызды бөлігі болып табылады. Бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты пайдалануда мемлекеттік аудит органдарының рөлі артып келеді.

Қаржылық бақылау органдары жыл сайын өздерінің есептеріне сәйкес орталық және жергілікті жердегі атқарушы органдардың тарапынан бюджеттен бөлінген қаражатты игеру кезінде бір қатар бұзушылықтарды анықтап, нәтижесінде бюджетке өтелуін қамтамасыз етіп келетіні сөзсіз.

Өкінішке орай, құқық қорғау органдарының және де бұқаралық ақпарат құралдарынан көргендей аудит жүйесінің қызметінде орын алып отырған жемқорлық көріністер кездеседі. Бұл дегеніміз Аудит тиімділігін айтарлықтай төмендетеді.

Осы орайда, Заң тұрғысынан сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау және оның алдын алу бағытында да бір қатар жұмыстар атқарылып келеді.

Мәселен, қолданыстағы заң нормаларына сәйкес аудит объектілерін қайталап тексеруді болдырмау мақсатында аудит нәтижелерін өзара тану қағидаты бекітілген және аудит объектілерінің тізбесін өзара келісуі бойынша міндеттемелер бар.

Сонымен, қатар тексеру комиссиялары тиісті жылға арналған объектілердің бекітілген тізбесіне, тек нақты негіздер болған жағдайда өзгерістер енгізіле алады.

Тексерілетін объектілердің лауазымды тұлғаларымен аудиторлардың тікелей байланысын болдырмау мақсатында бухгалтерлік есептіліктің автоматтандырылған жүйесін енгізу арқылы тексерушілердің байланысын барынша азайту жұмыстары қолға алынып келеді. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады. Яғни, мемлекеттік аудитті тікелей объектіде өткізуді болдырмау және электронды мемлекеттік аудитке толықтай көшу қажет деп санаймын.

Сыбайлас жемқорлықтың тағы бір тәуекелдігі өздерінің қызметтеріндегі аудит нәтижелері туралы толық ақпаратты ашық қол жеткізбеу.

Бұл бағытта, Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының ресми Facebook парақшасы ашылып, atyraurevcom.gov.kz сайты екпінді жұмыс жасап тұр. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарына түрлі мақалалар жарияланып, брифингтер өткізіліп тұрады. Облыс көлемінде мемлекеттік ұйымдардың басшылары мен есепшілеріне, экономистеріне, мемлекеттік сатып алу жөніндегі мамандарына, аудит объектілерінде жие кездесетін қаржылық бұзушылықтар бойынша қаржылық сауаттылықты арыттыру мақсатында түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізіліп келеді. Жоғарғы және колледж студенттеріне аудит жүйесі тақырыбында бірнеше рет дәріс берілді.

Мемлекеттік аудит органдары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстарды әлі де күшейту қажет.

А.Құмаров,

Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT