Аудандық сотта татуластыру орталықтары арқылы талай іс оң шешімін табуда

Тараптарды татуластыру бүгінгі қоғамда сот төрелігінде ең тиімді тәсілдердің бірі болып табылады.

Қазақстанның сот жүйесінде жекелеген санаттар бойынша бітімгершілікпен аяқтау мақсатында бірқатар нақты қадамдар жасалуда. Жоғарғы Сот татуластыру рәсімдерін, соның ішінде медиацияны дамытуды ынталандыруға бағытталған жаңа тәсілдерді пысықтауда. Татуластыру рәсімдерін қолдануды кеңейту мақсатында аудандық сотта «Соттағы татуластыру рәсімдері» пилоттық жобасы енгізілді.

Жобаның мақсаты – татуластыру рәсімдерін жүргізуде мамандандырылған судьяның жәрдемімен ретке келтіру. Жобаға сәйкес судья даудың татуласуымен аяқталуына жәрдемдесіп, тараптарға талап қою арызын қабылдауға дейін бітімге келуіне мүмкіндік береді. Пилоттық жоба аудандық сотта енгізіліп, өз нәтижесін беруде. Көбінесе неке бұзу, жұмысқа қайта орналастыру туралы азаматтық істері бойынша тараптар талап қою арызын қабылдауға дейін бітімге келген.

Аталған істер бойынша тараптар өзара бітімге келу үшін судья медиатордың көмегіне жүгінген. Бітімгершілік келісімдерін жасау нәтижесінде азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылады, қорытынды сот актілеріне жоғары тұрған сот сатыларына шағым жасалмайды, жаңа және қарсы талаптарды берудің алды алынады, ерікті орындау тұрғысынан атқару өндірісі қозғалмайды, мемлекеттік баж толық көлемде қайтарылады.

Аудандық сот тарапынан татуластыру рәсімдерін, медиацияны насихаттау мақсатында билердің, кәсіби медиаторлардың қатысуымен ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізілді. Ауыл тұрғындарымен кездесу кезінде даулардың бітімгершілікпен шешу соттың жұмысын жеңілдетіп, ұсақ-түйек келіспеушіліктерді шешуге, қиын істердің сапалы қаралуына ықпал ететіні, азаматтардың уақытын үнемдеп, сот барысында орын алатын моральдық және материалдық қиындықтардан құтқаратын, соттармен келісім бекітілгенде тараптарға төленген мемлекеттік баж толық қайтарылатыны, даулардың туындау себептері, оны шешудің жолдары мен реттілігін, дауды татуластыру рәсімі арқылы шешудің тиімділігі түсіндірілді.

Гулшат Сағынова,

Махамбет аудандық сотының кеңсе меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521