Махамбет аудандық сотымен Төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап, яғни ағымдағы жылдың 16 наурыз айынан күні бүгінге дейін Отбасы тұрмыстық құқықтық қатынастар аясында 30 әкімшілік істері қаралып, аяқталды. Оның ішінде 24 іс татуласумен, 6 іс бойынша қамаққа алу жазасы тағайындалды. Бұл туралы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.
Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен азамат Б-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.
Құқық бұзушы Б. жанұя тыныштығын бұзып, үй ішінде зайыбы А-ға былапыт сөздер айтқан. Сот отырысында Б. өз кінәсін толық мойындап, бұл әрекетін енді қайталамайтынын айтып көрсеткен.
Сот отырысында жәбірленуші А. жұбайы Б-мен өзара татуласқанын оған кешірім беретінін көрсетіп, әкімшілік істі тоқтатуды сұраған.
Сот қаулысымен азамат Б-ға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 73-бабының 1-бөлігіне сәйкес қозғалған әкімшілік іс жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Сурет:дереккөз