Аудандық сотта Президент Жолдауы талқыланды

Махамбет аудандық сотының судьясы А.Ергазиева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және талқылау мақсатында сот мамандарының, полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуларымен дөңгелек үстел басындағы кездесу өткізді.

Судья А.Ергазиева соттардың алдына қойылған нақты міндеттері туралы ой қозғап, өткен жылдардағы тәжірибемен салыстырып, тапсырмаларды орындау үшін қандай шаралар қолданылатыны туралы айтты.

sotzholday

Сот шешімдерінің сапасын жақсарту үшін сот тәжірибесінің біркелкілігін қамтамасыз ету қажеттілігі, заңның үстемдігі қағидатының маңыздылығы, ауыр, аса ауыр қылмыстар бойынша көзделген жаза шектерін күшейту талаптары талқыланып, қатысушылардың пікірлері тыңдалды.

Аудандық соттың судьясы қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту бағытындағы тапсырманы орындауға өз үлестерін қосып, халыққа сапалы қызмет көрсетуге шақырды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT