Махамбет аудандық сотында аудандық сот төрағасының м.а. С.Амантаев, кеңсе меңгерушісі Г.Сағынова және сот мамандарының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты - сот қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызмет атқарумен байланысты заңнамада көзделген шектеу мен тыйымдарды түсіндіру мен мемлекеттік қызметшілердің әдебі мінез-құлық талаптарын сақтау болды.
Сот төрағасы сыбайлас жемқорлықты алдын-алу, мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормаларын сақтау қағидаттарын қатаң ұстануын тапсырды. Кеңсе меңгерушісі Г.Сағынова өз баяндамасында судьялар мен әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге кез келген бағадағы сыйлықтарға толық тыйым салынғандығын ескертті. Егер сыйлық судьяның, мемлекеттік қызметшінің қызметіне байланысты болса немесе байланысты болуы мүмкін болса, онда бұл шектеу отбасы мүшелеріне де тікелей қатысты екендігін айтып өтті.
Сыйлықтардан бас тарту практикасын ең алдымен өзіміздің арамызда яғни сот жүйесінде берік орнығуы тиістігін. Туған күндерде, жалпы кез келген себептермен сыйлық ұсынуды тоқтату қажетігіне тоқталды.
Дөңгелек үстелді қорытындай келе сот төрағасының м.а. С.Амантаев жұмысқа жауапкершілікпен қарап, сеніп тапсырылған участкеде түйткіл мәселелерді тиімді шешуге және сот төрелігін барынша жақсартуға күш салу керектігін де сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге және Әдеп Кодексін сақтауға шақырды.
А.ҚОСЫБАЕВА,
аудандық соттың кеңсе бас маманы