Ауданда ағымдағы жылы «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық акциясы аясында қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экологиялық жарыс бастау алған болатын.
Аталған жарыс бүгін Доссор кентінде ұйымдастырылып, белсенді қатысушылар өздері тапсырған қағаз бен пластик қалдықтары үшін сыйлықтармен марапатталуда.
Осы орайда, аудан тұрғындарын тазалық акциясына белсене қатысуға шақырамын.
Бұл экологиялық шара әр бейсенбі сайын тұрақты түрде өткізіліп тұрады.