Ауданда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобы құрылды

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру мақсатында ауданда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Ағымдағы жылдың 24 мамырында аталмыш жұмыс тобы Жастар ресурстық орталығы мен аудандық орталық кітапхананың қызметкерлеріне «Сервистік полицияның» жаңа функцияларын түсіндіру мақсатында жұмыс кездесу ұйымдастырды.

Кездесуді жұмыс тобының басшысы, Махамбет ауданы әкімінің аппарат басшысы Н.Аруев пен  аудандық Полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі С.Орынбасаров жүргізді. Жиынға қатысушыларға дәстүрлі және сервистік модельдің негізгі айырмашылықтары толық айтып, түсіндірілді.   Нақтырақ айтқанда, полицияның дәстүрлі қызметінде негізгі мақсаты қылмыспен күреске шоғырланған. Оның жұмыс тәртібі  негізінен құқық бұзушылыққа шұғыл әрекет ету болып табылса, басты нысанда қылмыс пен құқық  бұзушы саналады. Ал көрсеткіші - айыппұл, тұтқынға алу, айыптау түріндегі жазалау іс-шараларының саны.  Ал сервистік модельде полицияның жұмысын бағалау өзгеше. Ең, алдымен құқық бұзушылықтың алдын алу, көмек көрсетуге дайын болу және халықпен сенімге негізделген қатынас орнату. Полицияның сервистік моделіндегі басымдыққа ие міндеті – тұрғындарға қауіпсіздік кепілдігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу. Азамат пен қоғамдастық - басты ошақ болса,  қауіпсіздікті сезіну, полицияға сенім арту, қоғамдастық өмірінің сапасы көрсеткіші саналады.              

  Елімізде сервистік полицияның кешенді моделін құрудағы басты мақсат - барлық мемлекеттік құрылымдар мен қоғамның тиімді өзара іс қимылы арқылы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, халыққа дер уақытында көмек көрсету, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.  Ең бірінші кезекте полиция халықтың қамқоршысы әрі жанашыры болуы керек.       

  Кездесу барысында Полицияның сервистік моделі жайлы кеңіне айтылып, сұрақтарға жауап берілді.  Қауіпсіздік саласы қызметкерлерінің жұмысын  жан-жақты түсіндіріп, азаматтардың тәртіп сақшыларына сенім артуына болатыны жеткізілді.

А.САТАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521