АУДАН ӘКІМІ “15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ” КҮНІНЕ ОРАЙ БІР ТОП ОТБАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Махамбет ауданы әкімі Қайрат Нұрлыбаев бір топ отбасымен кездесті.

“Баршаңызды 15 мамыр - Халықаралық отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Отбасы – еліміздің мызғымас тұрақтылығының, ауызбіршілігі мен болашағының қайнар көзі. Себебі, тәрбиелі ұрпақтың ел мен жерге адал қызмет жасауы жанұядағы өнегеден бастау алмақ. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жанұяның қоғамдағы рөлін сараптап, нығайту бағытында іргелі жұмыстар атқарылуда. Бүгінде елімізде  отбасы  институты берік қалыптасып, дамып келе жатыр. Біздің ауданымызда мәуелі әулетке айналған мерейлі отбасылардың қатары қалың. Олар бүгінде бүтін бір елдің үлгі-өнеге алар жанұясына айналған. Баршаңызға зор денсаулық, береке-бірлік, жақсылық тілеймін! Осынау мереке қарсаңында, отбасылық құндылықтарды қастерлеп, салауатты ұрпақ тәрбиелеп отырған ауданымыздың осындай үлгілі отбасыларына ризашылығымды білдіре отырып, сый сияпат табыс етуге рұқсат етіңіздер!”– деді аудан әкімі.

Өз кезегінде, қазыналы қариялармен ардақты аналар аудан әкіміне жүрекжарды алғыстарын жеткізді. Шара соңы аудан өнерпаздарының ән шашуымен жалғасты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521