"Қоғам мен мемлекеттің криминализациялану сияқты үлкен және қауіпті ұғымның басым бөлігі" – сыбайлас жемқорлық.
Ал, осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде,оның белең алмауына, ең алдымен мемлекеттік қызметшілердің біліктілігінің жоғары болуы, әкімшілік кедергілердің болмауы заңдылық.
Осыған орай, «Атырау-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі бұл бағытта облысқа қарасты аудан әкімдерімен түрлі сұхбаттар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырды. Бұл жолы «Жеті хан жатқан ауданды не алаңдатады?» тақырыбымен Махамбет ауданының әкімі Жәрдемғали Ахметовпен әлеуметтік желідегі инстаграм парақшасы арқылы онлайн-сұхбат өткізді. Аудан әкімінен тікелей эфирде сұхбат алған кеңсе жетекшісі Альфия Адиева парасаттылық, адалдық және әділдік құндылықтарын кеңінен талқыға алды. Сонымен қатар, аудан басшысы Жәрдемғали Бахуұлы төтенше жағдай кезінде өңірдегі шектеу шараларына қатысты түсінік беріп, жалпы ахуалды баяндады. А.Адиева өз сөзінде алдағы уақытта Махамбет ауданында да «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылатынын қаперге берді.
«Жайық-Ақпарат»