Атырау полицейлері өткен жылдарғы ашылмай келген қылмыстарды ашуда.
2013 жылдың тамыз айының 24 күні белгісіз адам Атырау-Индер тас жолының Махамбет ауданы Ортақшыл ауылының тұсында тұрған 1984 ж.т азаматтың иелігіндегі «МАЗ» маркалы автокөлігінің аккумуляторын және салонның ішінде орналасқан панелін ұрлап, оқиға болған жерден бой тасалаған.
Нәтижесінде жәбірленуші 1984 ж.т азаматқа 100 000 теңге көлемінде залал келтірілген. Жақында ұстатпай жүрген күдікті анықталды.
Атыраулық полиция қызметкерлерімен жедел іздестіру іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысының тұрғыны 1971 ж.т. ұсталды.
Сотқа дейінгі тергеп- тексеру жүргізілуде.