АТЫРАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

10-11 қыркүйек күндері Қарағанды қаласында Республикалық «Алау» әскери-спорттық байқауы өтті. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан бұл байқаудың мақсаты – жас ұрпақты Отансүйгіштікке баулу, әскери-патриоттық тәрбие беру, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Байқауға еліміздің барлық өңірінен жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 12-14 жас аралығындағы оқушыларынан құралған 20 команда, яғни 180-нен астам жас өрен қатысты. Олар патриоттық ән байқауы, саптық дайындық, әскери-спорттық жарыстар, дене шынықтыру сынақтары сынды бірнеше кезеңде өзара бақ сынасты.

Атырау облысының намысын қорғаған «Жас сарбаз» командасы сайыс барысында ұйымшылдығымен, дайындық деңгейімен ерекшеленіп, қазылар алқасының жоғары бағасын алды. Нәтижесінде жерлестеріміз «Ерлікке жүрегіңмен жақында» номинациясы бойынша жүлделі ІІ орынды қанжығалады.

Жас сарбаздарымыздың бұл жетістігі – өңіріміздегі әскери-патриоттық клубтардың, ұстаздар мен жетекшілердің жүйелі еңбегінің жемісі. Сонымен қатар, бұл жеңіс оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, болашақта ел қорғайтын нағыз азамат болып қалыптасуына серпін берері сөзсіз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT