Атыраулық оқушылар министрліктен алғыс алды

Еліміздің әр өңірінен өз жетістіктерімен ерекшеленген оқушылар, көшбасшылар мен түрлі жағдайларда адам өмірін арашалап қалған ер жүрек балалар Астана қаласында бас қосты.

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында өткен кездесуде атыраулық оқушылар – Қызылқоға ауданынан мектеп Парламенті президенті Ақгүл Ізбан, Құрманғазыдан «Темірқазық» өзін-өзі басқару ұйымының БАҚ фракциясының депутаты Рифхат Ақсұлтан республика Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың атынан Алғыс хатпен марапатталды. Облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарованың айтуынша, кездесу әрі қарай ашық диалог форматында өтіп, балалар өздері, отбасы, мектептегі жетістіктері, қызығушылықтары мен армандары туралы айтты.

«Болашақпен кездесу. Диалог с будущим» тақырыбындағы іс-шараға бала құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты. Кездесу соңында барлық балаға сауықтыру орталығына жолдамалар мен сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ көшбасшылықты дамыту бойынша тренингтер өткізіліп, еркін форматта пікір алмасты. Сондай-ақ оқушылар Астананың мәдени-демалыс орталықтарын аралады.

Асылым ЖАҢАЙ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT