Атыраулық кәсіпкер көлік жүргізуді жеңілдікпен оқытуда

Мемлекеттің қолдауына ие болған кәсіпкер әлеуметтік осал топқа жататын азаматтарды жеңілдікпен оқытады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. 

Кәсіпкер мұндай мүмкіндікті шағын және орта бизнесті қолдау үшін облыс әкімдігінен берілетін қайтарымсыз грант нәтижесінде жасап отыр. Шағын кәсіп иесі 10 жыл ішінде 3 мыңға жуық адамға көлік жүргізуді үйреткен. Оның 2 500-і жүргізуші куәлігін алған. Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, грант ұтқан кәсіпкер сапалы білім беру үшін кеңсе ішін заманауи құралдармен жабдықтауды көздеп отыр.

- Автомектепті 10 жыл бұрын аштым. Енді заман талабына сай, ішін қажетті құралдармен жабдықтағым келеді. Мәселен, ескі үлгідегі компьютерлерге жаңа бағдарламалар орнату қолайсыз. Сондай-ақ теориялық кезеңде интерактивті тақталар қажет. Осындай техникалық қажеттіліктерімді өтеу үшін мемлекеттен берілетін грантқа құжат тапсырып, бағымды сынап көрдім. Мемлекеттен қолдау алып, грант ұтқаныма өте қуаныштымын, - деді автомектеп директоры Маржан Дауешова.

Оның айтуынша, автомектепте көп балалы аналарға, студенттерге, әлеуметтік осал топқа жататын азаматтарға жеңілдік қарастырылған. Мақсаты - кәмелетке толғандарға жол көлік ережелерін сапалы үйретіп, жүргізуші куәлігін алуға көмектесу.

Сәуле МАҒАУ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT