Атыраулық құтқарушылар Батыс Қазақстан облысына көмекке аттанды

Құтқарушылар

Батыс Қазақстан облысында елді мекенді су басуына байланысты атыраулық құтқарушылар көмекке аттанды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Кеше облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 49 қызметкері 9 бірлік техника мен 3 үрмелі қайық және 7 мотопомпамен жолға шықты. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында облыстық Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Тілекқабыл Досмағанбетовтің басшылығымен құтқарушылар көшелердегі суды ПНС-110 автокөлігімен сору жұмыстарын жүргізуде. 

Сонымен қатар, БҚО Қаратөбе ауданында құтқарушылар үрмелі қайықпен каналдың арғы бетінде қалған тұрғындарды эвакуациялап, құм толтырылған қапшықтар төсеп, бөгеттер жасауда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT