Атыраулық бір топ еріктіге Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Алғыс хаты» табысталды

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев саяси науқандар мен қоғамдық іс-шараларда белсенділік танытқан ерікті азаматтарды марапаттады, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Мемлекет басшысының Алғыс хатымен марапатталғандардың  арасында 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойынында және референдум кезінде жұмыс істеген еріктілер мен мемлекеттік қызметшілер де бар. 

Сондай-ақ жиында  аймақ басшысының орынбасары тасқын кезінде жұдырықтай жұмылған автоволонтерлардың еңбегіне ерекше тоқталып, оларға өз атынан Алғыс хат табыстады. 

- Облыста 57 волонтерлік топ пен 2000-нан аса белсенді жұмыс істейді. Ал тасқын кезінде он мыңға жуық волонтер белсене жұмыс атқарды. Әсіресе,  автоволонтерлардың еңбегі зор. Жол қатынасы үзілген кезде де басқа өңірлерге, аудандарға көмек қолын создыңыздар. Уақытпен санаспай, еліміздің азаматтық қоғам саласын өркендету жолындағы атқарған еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз, - деді Ж. Бисембиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT