Атыраулық аспаз Түркияда өткен гастрономиялық фестивальде жеңіске жетті

Бағдат Қадыров Түркияның Анталия қаласында өткен гастрономиялық фестивальде дәмді тағамдар дайындап, бірінші және екінші орындарды жеңіп алды, деп хабарлайды AtyrauPress.

Gastro Antalya деп аталатын фестиваль қарашаның 15-і мен 18-і  аралығында өтіп, оған  әлемнің түкпір-түкпірінен келген 750 кәсіби аспаз қатысты. Жерлесіміздің ет пен балықтан пісірген екі түрлі асы барлығын тәнті етті. Әсіресе, қазылар алқасы таңқалысын жасыра алмады.

Бағдат Қадыровты атыраулықтар жақсы таниды. Қазір ол республикалық телеарналардың бірінде белгілі өнер иелерімен бірге тамақ пісіріп, елге танылуда. Сондай-ақ ол өзінің Instagram парақшасында ас дайындау мен оның дәмді болуы үшін қолданылатын лайф-хактармен де бөлісіп жүр. Бүгінде оған 300 мыңға жуық адам тіркелген.

Эльмира Мықтыбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT