banner_damu

Атыраулық теміржолшылар жаппай тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккендер үшін қан тапсырды

Теміржолшылар жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккендерді қолдау мақсатында донор болуда, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Акция еліміздегі соңғы оқиғалар салдарынан жараланғандарды қолдау мақсатында ұйымдастырлып отыр. Мамандардың айтуынша, өңірде қазіргі уақытта қан қоры жеткілікті.

"Қазақстан темір жолы" АҚ "Атырау жол дистанциясы" филиалының директоры Елубай Сапаровтың айтуынша, Атырау теміржол бөлімшесінде 2000-ға жуық қызметкер еңбек етеді. Қан орталығына бірінші болып 70 адам келді. "Теміржолшылар науқастар мен жараланғандарды қолдау үшін қан тапсыру пункттеріне баруда. Акция барлық өңірлерде өтіп жатыр", - деді Елубай Сапаров.

Еске сала кетейік, 5-6 қаңтардағы тәртіпсіздік барысында өңірде бір адам қаза тапты, полиция департаментінің тағы 49 қызметкері мен 27 сарбаз түрлі дене жарақатын алды.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Жайық суын молайту үшін не істеу керек?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика