Атыраулық өнерпаздар облыс тұрғындарын көрісу мерекесімен құттықтады

Бірнеше топқа бөлінген өнерпаздар қауымы қалада ән шырқап, би биледі, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Наурызбен бірге келетін көрісу дәстүрі Қазақстанның батысындағы төрт облыста айрықша аталып өтеді. Мереке елдің бірлігін арттырып, араздасқан ағайынды кешірімді болуға үндейді.

Өнерпаздар қоғамдық көліктегі жолаушылардың көңілін көтеріп, әуежайдан қалаға келген қонақтар мен тұрғындарды керемет көңіл күймен күтіп алды. Сонымен бірге, Абай оқушылар орталығына барып, жас буынға салт-дәстүрімізді дәріптеді.

990067d2-f707-42e5-8894-adcba97507ce

Атырау қаласының тұрғыны Манап Амиров өнерпаздарға алғыс білдірді.

Еске сала кетелік, көрісу - сан ғасырлар бойы халқымызбен бірге жасап келе жатқан дәстүр. Бүгінде көрісу еліміздің батыс өңірінде жақсы сақталған.

d7e1c560-bb3a-4046-920d-2ec23a50218d

Көрісу - қыстан аман шыққан халықтың шүкіршілік етуінен туған мереке. Жаңа күнге, жаңа жылға шыққан халық бір-бірінің үйін аралап, көрісіп, ақ тілектерін арнаған. Өкпе-ренішті ұмытып, шаңырақтарды береке-бірлікке шақырған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT