Атыраулық экобелсенділер референдумның маңыздылығын талқылады

Атырауда  "Атамекен ЭКО" ҚБ өкілдері ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және жаңа Қазақстанды құрудағы референдумның рөлі мәселелері талқыланған жиын өткізді, деп хабарлайды ATPress.kz.

Экоактивистерден басқа, іс-шараға қоғам белсенділері, депутаттар және жоғарғы оқу орындары оқытушылары қатысты.

Кездесуге қатысушылар алдағы республикалық референдумның ерекше оқиға екеніне және оны өткізбей жаңа Қазақстанды құру мүмкін болмайтынына сенімді.

- Біз ашық мемлекеттің қалыптасу жолындамыз. Мемлекет пен қоғам арасында жаңа қатынастар қалыптасуда. Халықтың өзі бұл таңдауды референдум арқылы жасайды. Біз әлеуметтік желілерде көріп отырған белсенділікке сүйене отырып, Конституцияға түзетулер енгізу мәселесі біздің қоғамымыздың көптеген азаматтарын толғандырады. Сондықтан, халықтың қызығушылығы зор болады деп ойлаймын, - деп есептейді облыстық мәслихат депутаты Серік Қадыров.

Еске сала кетейік, ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Президент бастамашы болды, ұсыныс 2022 жылғы наурызда халыққа Жолдауында айтылды. Өзгерістер еліміздің Негізгі Заңының 30-дан астам бабына қатысты болады.

- Біз жаңа мемлекеттік модельге, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа форматына көшудеміз. Негізгі Заңның 33-бабына түзетулер енгізіледі. Бұл үлкен жұмыс, - деді С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің доценті Болат Нығметов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521