Атырауға "Алтын адам" келді!

Көрмеге қойылған 272 экспонаттың қатарында Қазақстаннан табылған 8-ші Алтын адам бар, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.  

Сондай-ақ, мұражайға 2019 жылы Темір ауданы Тасқопа қорымынан табылған құнды жәдігерлер қойылған. Олардың арасында

б.з.б. VI-I ғасырдағы Сақ-Сармат мәдениетіне тиесілі  садақ және оқ қабынан тұратын алтын горит, грифон түріндегі зооморфты жапсырмалар, құбырлы цилиндрлік тізбекшелер, сүйектелген қамшы сабы, әшекей және діни-ғұрыптық бұйымдар мен қару-жарақ, ат әбзелдері бар. 

- Жылжымалы мұражай осыған дейін Қызылорда қаласына болды, бұдан кейін де бұл жобамыз жалғасын табады. Көрменің басты жәдігері алтын адамға «Тасқопа көсемі» атауын бердік. Оны қорымнан тауып, реконструкциясын қалыптастырған біздің мұражайдың реконструктор-суретшісі Болат Атыраубаев, -деді Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайы басшысының орынбасары  Медет Құлмұханов.

Айта кетейік, атыраулықтар көрмені желтоқсанның 8-не дейін Атырац облыстық тарихи-өлкетану музейінен тамашалай алады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT