Атыраудың бас педагогы тағайындалды

Бүгін, 12 тамызда аймақ басшысының өкімімен облыстық білім беру басқармасы басшысының лауазымына Марат Әбуов тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Марат Әлменұлы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің шетел тілі мамандығы бойынша бакалавры, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің құқықтану мамандығын бітірген. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистрі.

Алғаш еңбек жолын ұстаздық қызметтен бастаған М.Әбуов мемлекеттік қызметте де білім беру саласына жетекшілік етті.

Айта кету керек, ол әр жылдары Қызылқоға ауданы Миялы селосы Х.Досмұхамедов атындағы орта мектептің мұғалімі, аталған аудандық білім беру бөлімінің бас маманы, Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінде бас маман, аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінде бөлім меңгерушісі, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасары қызметтерінде еңбек етті.

Ал 2022 жылдан бастап бүгінге дейін облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

 

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT