Атыраудағы келешек мектебінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында профилактикалық кездесу өтті

Атырау облысының Білім беру басқармасы мен Атырау облысының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, Жұлдыз мөлтек ауданындағы №48 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларымен Атырау облысы Полиция департаментінің қолдауымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында профилактикалық кездесу өтті.

     Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, есірткінің зиянын түсіндіру, интернет-алаяқтықтан қорғану жолдарын үйрету және салауатты өмір салтын насихаттау.

Шара барысында білікті спикерлер қатысушыларға заң талаптарын сақтау, зиянды әдеттерден аулақ болу және цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бағытында жан-жақты ақпарат берді.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, жастар өздерін толғандырған сұрақтарға нақты жауап алды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT