Атырау облысы әкімдігі Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен ақын Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған республикалық «Жыр-Жұмекен» поэзия фестивалі өтті.
Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 15 ақын-қаламгер қатысып, қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығына құрмет көрсетті.
“Жұмекен поэзиясы – тылсымға толы, терең әрі биік поэзия. Оның өлеңдерінің насихатталуы заңды. Бұл жырлар ұрпақтан ұрпаққа жетіп, мәңгілік құндылыққа айналары сөзсіз”, – деді Геральдикалық зерттеу орталығының басшысы Шерхан Талапов.
Айта кетейік, ақын рухына арналған іс-шаралар өңірде бірнеше күн бойы жалғасып келеді.