Атырауда жыл басынан бері жол апатынан 53 адам мерт болған

Атырау облысында жыл басынан бері жол апатынан 53 адам мерт болған. Жол-көлік оқиғасынан көз жұмғандардың арасында кәмелетке толмаған 2 жасөспірім бар.

Атырау облыстық прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері 116 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның ішінде 10 жол апатына кінәлілер масаң күйінде болған. Жол апатынан 53 адам қаза тапқан. Жантәсілім еткендердің арасында екі жасөспірім бар.

«Автомобиль апаттарының негізгі себебі – жол қозғалысы ережелерін сақтамау. Соның салдарынан соңғы екі жылда жол-көлік оқиғасына қатысты құқық бұзушылығын жасағаны үшін соңғы 60 жүргізуші сотталды. Оның ішінде 35 адам 1 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімдерге бас бостандығынан айырылды. Сол себептен, жолдарда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету – уәкілетті тұлғалар мен ведомстволардың ғана жауапкершілігі емес екенін ұмытпауымыз керек. Бұл – жол қозғалысына қатысушылардың басты міндеті», -дейді облыс прокуроры Бауыржан Жұмақанов.

Осыған орай облыс прокуратурасы жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға, адамдардың жарақаттануы мен өліміне жол бермеуге шақырып отыр.

«Жол-көлік оқиғасынан болатын өлім жағдайы жүргізушінің жауапсыздығынан екенін түсіну қажет. Жүргізушілер көлік құралын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етіп, жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан әрбір адамның артында ата-анасы, жұбайы, балалары мен жақындары қалатынын ұмытпауы тиіс», -деп мәлім етті Бауыржан Жұмаханов.

 

Inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521