Атырауда жыл басынан бері өндірісте 30 жұмысшы жарақат алып, 4 адам көз жұмған

"Оқиға облыс аумағындағы 28 кәсіпорында орын алған" деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

"28 өндірістік жазатайым оқиғаның салдарынан 30 жұмысшы ауыр дене жарақатын алып, 4 жұмысшы қаза тапты. Өндірісте тіркелген 18 жазатайым оқиға 100% жұмыс берушінің кінәсінен және 5 жазатайым оқиға 70% жұмысшының кінәсінен, 5 жазатайым оқиға 50% екі жақтың бірдей кінәсінен орын алған. Барлық өндірістік жазатайым оқиғалар бойынша жүргізілген арнайы тергеу құжаттары процессуалдық шешім қабылдау үшін құқыққорғау органдарына жолданды" деді Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекция басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров онлайн брифингте.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT