Жыл басынан бері Атырау қаласы Полиция басқармасының әкімшілік тәртіппен ұсталғандарды арнайы қабылдау орнына 1200-ге жуық тұлға әкімшілік қамауға алынса, олардың 500-ге жуығы мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілер.
– Бізде, кей кездері бір күннің ішінде он немесе одан да көп ішімдік ішіп көлік тізгіндеген жүргізушілер әкімшілік қамауға алынады. Жалпы сот қауылысымен оларға 15 немесе 20 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы белгіленеді,-дедi әкімшілік тәртіппен ұсталғандарды арнайы қабылдау орынының инспекторы Ринат Ақабалин.
Осы ретте, Атырау қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері автокөлік жүргізушілерінің назарына өз өмірімен қатар, өзге де азаматтардың өміріне қауіп тудырмау үшін мас күйде көлікке отырмауларын қатаң түрде ескертеді.