Атырауда жоғалып кеткен ер адам табылды

Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Атырау қаласының тұрғыны Эльдар Ақылбеков 2 қыркүйек күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған болатын.

«2 қыркүйек күні үйінен шығып хабар-ошарсыз кеткен 1987 жылы туған азамат Эльдар Ақылбеков полиция қызметкерлерінің кешенді іздестіру шараларының нәтижесінде, Атырау қалалық полиция басқармасының жедел уәкілдері 20 қыркүйек күні аман-есен Исатай ауданы, Аққыстау елдімекенінен табылып, анасына қауыштырылды», - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521