Атырауда Жұмекен Нәжімеденовтың 90 жылдық мерейтойына арналған мәдени іс-шаралар өтеді

Фото: Видеодан алынған скрин

Атырау облысында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын, жазушы, және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторларының бірі – Жұмекен Нәжімеденовтың 90 жылдық мерейтойына арналған ауқымды мәдени іс-шаралар өтеді.

Мерейтой аясында ақын шығармашылығына арналған әдеби кештер, поэзия оқу байқаулары, көрмелер мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ, өңір мектептері мен жоғары оқу орындарында Жұмекен Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылығын дәріптеуге бағытталған танымдық кездесулер өтеді.

Мерекелік шараларда “Менің Қазақстаным” атты гала-концерт өтеді. Ауқымды концертке 3000-ға жуық өнерпаз қатысып, еліміздің танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді деп жоспарлануда.

Мерейтойлық іс-шаралардың басты мақсаты – ақынның бай әдеби мұрасын ұлықтап, жас ұрпақ бойында отансүйгіштік пен рухани құндылықтарды қалыптастыру.

 

Ақтілек Базарбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT