Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында “Төртінші онжылдықтағы Тәуелсіз Қазақстан” атты жастар форумы өтті, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Форум 22 ақпан күні APEC Petro Technic жоғары колледжінде өтті. Оған өңірдің белсенді жастары қатысты. Облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сағадат Әжіғалиев форумға қатысып, жастарға игі тілектерін білдірді.
Шарада өңірдегі жастардың әлеуметтік экономикалық, қоғамдық жетістіктеріне назар аудара отырып, Тәуелсіздік жылдарындағы белсенді жастарымыздың жетістігі айтылды. Сонымен қатар, мәдениет, білім, кәсіпкерлік саласында жетістікке ие болған Құралай Ахмадиева, Бексұлтан Дүйсенғұл, Ілияс Қоныспаев, Ерлан Өтепов және Фадина Маргаритамен жастарға ой саларлық дүниелер сөз етілді.