Атырауда Жайық өзеніне батып кеткен жігіт табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше, 13 маусымда Жайық өзенінің Геолог кенті тұсындағы жағалауында 27 жастағы жігіт суға батып кеткен. Ол достарымен бірге өзен жағалауында демалған. Бірақ, арнайы жабдықталмаған жерде суға түскен.
«Кеше сағат 17:10-да суға кеткен жігіттің денесін іздестіру басталды. Өкінішке орай, әзірге іздестіру жұмысы нәтиже берген жоқ. Жедел құтқару жасағы іздестіруді жалғастыруда» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.