Атырауда Жайық жағасындағы жазғы дәмхана отқа оранды

Атырауда Жайық жағасындағы жазғы дәмхана отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«10:30-да Б.Момышұлы көшесінде, өзен жағасында орналасқан «Астана» жазғы дәмханасында өрт тұтанды. 100 шаршы метр ауданды жалын шарпыды.

Тілсіз жау 10:46-да ауыздықталды. Оған 11 адам және 3 техника жұмылдырылды. Құрбан болғандар жоқ, ешкім зардап шекпеген. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр», - деп мәлім етті облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Материал: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521