Атырауда толығымен жанып кеткен үйден шыққан өрт туралы жаңа ақпараттар белгілі болды

Атырауда өрт салдарынан бір отбасы баспанасыз қалды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазанның 29-нан 30-на қараған түні Атыраудағы Геолог кентінде  гаражы бар жеке үй толығымен өртеніп кетті.

Ресми ақпарат бойынша, "112" операторының пультіне өрт туралы қоңырау түнгі сағат 01:45-те түскен.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер сағат 01:58-де жеткен. Олар келген кезде үй мен гараж ашық жалынмен жанып, өрт  көрші аумаққа көшкен.  Өртке 4 өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамның 20 қызметкері жұмылдырылды.

Өрттің шығуына электр панеліндегі қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін.

Оқиға салдарынан екі баласы бар отбасы баспанасыз қалды.

Үй иесі Нұрлыбек Жұмахметов әлеуметтік желіге көмек сұрап жүгінді:

- «Үйдің барлық заттары мен жиһаздары толығымен өртенді. Тек өзіміз аман қалдық.  Жұбайым декреттік демалыста, екі бала тәрбиелеп отырмыз. Бұл үй менің арманымнан туған үй еді. Мен оның әр кірпішін өз қолыммен тұрғыздым.  Мен мұндай жағдайға түсіп, ешқашан көмек сұраймын деп ойламаған екенмін", - деп жазды өртенген үйдің иесі.

Үй иесі болған жағдайға ТЖД қызметкерлерін де айыптайды.

"Өрт сөндірушілер кеш келді, тіпті сусыз", - деп жазды ол.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Аскат Ержанов өрт туралы кеш хабарлағандықтан, осындай жағдай орын алды» деп санайды.

Сонымен қатар, өрт шыққан үй өрт сөндіру бөлімінен 8 км қашықтықта, саяжай учаскелерінің жанында орналасқан.

- Жолдың нашарлығы өрт сөндіру машиналарының қозғалысына да кедергі келтірді. Дегенмен, өрт орнына 12 минутта жеттік. Екіншіден, өрт сөндіру техникасы ешқашан сусыз жүрмейді. Өрт сөндіру автомобилінің сыйымдылығы 5-7 тонна суға шақталған, үздіксіз су беру кезінде бұл көлем 3-4 минутқа ғана жетеді. Бұл күні өрт сөндірушілер су қоймасынан қосымша су алды, - деді Аскат Ержанов.

Сондай-ақ, ТЖД қызметкерлері өрт куәгері болған  қала тұрғындарына үндеу жолдады.

"Мұндай жағдайда видео түсіріп, желіге жариялауды емес,

"112" нөміріне қоңырау шалып, көмек сұрауды ойластыру керек" деді өрт сөндірушілер.

Зардап шегушіге көмек көрсетем деушілерге, үй иесінің есеп-шоты жарияланып отыр:

«Халық Банк»  картасы:  4003 0327 5421 9303.

«Kaspi Bank KZ» картасы:  4400430173424190.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521