Атырауда төтенше жағдайға байланысты теміржол вокзалына кіруге қатаң шектеу қойылды Бұдан былай билеті бар жолаушыларды кіргізіліп, қалаға келген азаматтарды ғана шығарады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ел ішіндегі «Нұр-Сұлтан-Атырау», «Алматы-Атырау» бағыттарына да шектеу қойылды. Ал, Нұр-Сұлтан бағытындағы Бурабай курорты станциясы мен Шу станциясынан бері қарайғы рейс жұмысы тоқтатылмайды. Шектеу қойылмайтын рейстер қатарында «Атырау-Маңғыстау», «Атырау-Ақтөбе» бағыты да бар.
- Қазіргі таңда теміржол вокзалында әр үш сағат сайын дезинфекция жұмыстары жасалуда. Сонымен қатар, енді пойыздардың барлығы бірінші бағытта жүреді. Бұл жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылып отыр, - дейді Атырау магистралдық желі бөлімшесінің директоры Елубай Сапаров.
Бұдан бұрын Нұр-Сұлтан, Алматы қаласына билеттерді тапсыру кезінде теміржол вокзалында халық көп шоғырланған болатын.
Бүгінде ол мәселелер шешімін тауып, атыраулықтардың барлығына ақшалары түгел қайтарылды.
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Сурет:ӨҚК