Атырауда тасқын аумақтарында жел көтерілуіне байланысты бөгеттерде қауіпсіздік күшейтілді

"Қазгидромет" РМК Атырау облысы бойынша филиалының мәліметінше, Махамбет, Индер аудандарында батыстан, солтүстік-батыстан қатты жел соғуда. Желдің көтерілу жылдамдығы секундына 6-11 метрге дейін жетеді деп күтілуде.

Сондай ақ, Атырау қаласында жел күшеюде. Желдің соғуы секундына 7-12 м жылдамдыққа дейін жетеді деп күтілуде. Ауа райының қолайсыздығына байланысты, Махамбет, Индер аудандары, Атырау қаласында бөгет бойындағы белгіленген учаскелерде кезекшілер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетелік, 8 маусым, 12:00 сағаттағы жағдай бойынша, Жайық өзеніндегі су деңгейі Индер ауданында - 896 см (шекті деңгейі - 845 см), Махамбет ауданында 993 см (шекті деңгейі - 850 см), Атырау қаласында 592 см ( шекті деңгейі - 550 см) құрады.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT