Атырауда синтетикалық есірткінің таралуын болдырмау үшін StopSyntheticAtyrauBot атты telegram бот іске қосылды

Бұл ботта тұрғындардың жеке дерегі құпиялылығын сақтайды. Осылайша олар есірткі граффитилері заңсыз ілінген орынның мекен-жайы немесе орналасқан нүктесі туралы ақпарат жібере алады. Сіз жолдаған хабарлама  құқық қорғау органдарына жіберіліп, жарнамалар дереу жойылады. Сондай-ақ, тұрғындар есірткімен байланысты  қылмыстар, оны тасымалдаушы азаматтар, есірткі құрамды заттарды сататын заңсыз интернет-дүкендерге де сілтемелер жібере алады. 

Telegram бот анонимді болғандықтан, жіберушімен кері байланыс болмайды. Сондықтан ботқа ақпарат жібергенде қойылатын басты шарт - құқық бұзушылықтың фото немесе бейне жазбасы бар файлды тіркеу міндеттеледі.  Бот мекенжайы: http://t.me/StopSyntheticAtyrauBot

Жоба Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының бастамасымен жүзеге асырылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT