Атырауда Сенат депутаттығына 5 үміткер тіркелді

Бұл туралы Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 73-бабына сәйкес Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:

Лұқпанов Сағындық Есенғалиұлы 1960 жылы туған, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС-нің басқарушы директоры-басқарма мүшесі, «Nur Otan» партиясының мүшесі, Атырау қаласының тұрғыны;

Смағұлов Серік Мұраденұлы 1976 жылы туған, «АТМА-Атырау Әуежайы және тасымалдау» АҚ басқарма басшысының орынбасары, Атырау қаласының тұрғыны;

Сейілханов Сағын Темірханұлы 1962 жылы туған, «ҚТЖ» ҰК АҚ» – «Атырау магистральдық желі бөлімшесінің» бас инженері, Атырау қаласының тұрғыны;

Арыстан Серік Бисешұлы 1965 жылы туған, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің департамент директоры, Атырау қаласының тұрғыны;

Қарабаева Айжан Сәрсенқызы 1976 жылы туған, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің директоры, Атырау қаласының тұрғыны» -деп хабарлады Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясынан.

Сурет: дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT