Атырауда робототехника бойынша "KazRoboSport-2024" турнирінің облыстық кезеңі өтті

5 қазан күні Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті базасындағы "Жайық" спорттық-мәдени кешенінде "KazRoboSport-2024"робототехника бойынша Атырау облыстық турнирі өтті.

 Турнир Атырау облысында STEAM және робототехника бағытында тәжірибе алмасу, балалар мен жасөспірімдер арасында техникалық шығармашылық пен қызметте қажетті дағдыларды дамыту мақсатында өткізіліп отыр.

Іс-шара «Теңізшевройл» компаниясының әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы шеңберінде JasUP жобасы аясында Атырау университетімен серіктестікте өтті. Жарыс барысында қатысушылар келесі номинациялар бойынша сынға түсті.

"Робо-сумо 25*25" (10-14 жас),"Мини-сумо 10*10" (13-21 жас), жаңадан бастаушыларға арналған жарыс (10-14 жас), Robotrace Pro желілік жарыс (13-17 жас), Кегельринг-квадро (10-12 жас), Кегельринг-квадро (13-16 жас). "ҚазРоботикс" Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника федерациясы " РҚБ филиалының директоры Асқар Алданның айтуынша, бұл жарысқа Атырау қаласы, Жылыой, Қызылқоға, Мақат, Индер ауданының 20-дан астам мектептер мен оқу орталықтарынан 40 команда қатысады деп күтілуде.

Қатысушылар негізінен 9 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылар мен жасөспірімдер. Осылайша, жарысқа кемінде 140 оқушы мен студент қатысты. "Қатысушылар белгілі бір тапсырманы орындайтын роботтарды алдын ала дайындайды. Мысалы, сумода тапсырма – қарсыласты рингтен тыс жерге итеру. "Желілік жарыс" және "Роботрейс" номинацияларында сызық бойымен ең жылдам жүрген робот жеіске жетеді.

Ең бастысы, жарыс кезінде роботтар автономды түрде жұмыс атқаруы керек. Яғни,сенсорлардан алынған мәліметтерге сүйене отырып, адамның араласуынсыз шешім қабылдауы қажет", - деп атап өтті "Қазроботикс" РҚБ филиалының директоры Асқар Алдан.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT