banner_damu

Атырауда Құран жаттау және діни сауат ашу орталығы ашылды

Бүгін Атырау қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен Құран жаттау және діни сауат ашу орталығы ашылды.

Орталықтың ашылу салтанатты рәсімінде Наурызбай қажы Тағанұлы:

«Алланың қалауымен тәуелсіздігіміздің арқасында елімізде зәулім мешіттер мен медреселер салынуда. Осы орталықтан еліміздің рухани өркендеуіне сүбелі үлес қосатын тұлғалар шығады деп сенемін. Құранды жаттаған, оған амал еткен ұрпақ Отанына опасыздық жасамайды. Біз – қариын қадірлеген, оған құрмет көрсеткен халықпыз. Алла Тағала осы орталықтан Құранды толық жаттаған қарилардың шығуын нәсіп етсін. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтқандай, адамдардың ең жақсысы – Құранды үйреніп, оны өзгеге үйреткендер. Қарилар ең әуелі Алланың құрметіне бөленеді. Оның панасында болады. Хадистердің бірінде: «Ақиқатында Құранды жатқа білетін мұсылмандар Алла Тағаланың панасынан басқа пана болмайтын күні пайғамбарлар мен таңдаулы пенделермен бірге Оның панасында болады» делінген. Бұл – үлкен нығмет әрі жетістік. Алла осы ғимараттың ашылуына үлес қосқан азаматтардың игі ісіне мол сауаптан жазғай» деді.

Игі іс-шарада Бас мүфти ғимараттың салынуына үлес қосқан Ерлан Талғатұлына ризашылық білдіріп, алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар орталық ұжымына өзінің сыйлығын табыстады.

Айта кетсек, «Иманғали» мешітіне қарасты Құран жаттау және діни сауат ашу орталығында бір мезетте 30 адам тәлім алады. Ғимаратта асхана, жатақхана, ұстаздар бөлмесі, қонақ бөлмесі және дәрісхана бар.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Жайық суын молайту үшін не істеу керек?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика