Атырауда полиция жаңа жыл түні 249 хабарламаға қызмет көрсетті

Мұнайлы өңірдегі жедел жағдай тұрақты. Мереке түні тұрғындар тыныштығын және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полицейлер күшейтілген режимде қызмет етуді жалғастыруда. Жаңа жыл түні 249 хабарлама келіп түсіп оның барлығына полицейлер уақытылы барып қызмет көрсетті. Көшелерде құқық бұзып бұзақылық әрекеттеріне жол бергендер болмады. Мереке күні отбасы шырқын бұзған 24 адам анықталып полиция бөлімдеріне жеткізілді. 28 ұсақ жол-көлік оқиғасы орын алды, салдарынан 5 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT