Атырауда педагог мамандығына облыс әкімдігінен бөлінетін грант саны көбейді

М. Досмұхамбетов педагог мамандығына облыс әкімдігінен бөлінетін грант саны көбейгенін айтты.

Атырау облысы бойынша мектептерге 472 педагог жетіспейді. Оның ішінде, 74 бастауыш сынып мұғалімі қажет. Осы орайда, педагог мамандығына облыс әкімдігінен бөлінетін грант саны артып отыр, - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовке сілтеме жасап.

 «Ұстаздардың әлеуметтік жағдайына айрықша мән беріп отырмыз. Олардың жалақысы, тұрғын үй және жас мамандарды жұмысқа тарту мәселесі назарда тұр. Сонымен бірге, 14 шағын жинақты мектептердегі (Құрманғазы ауданы бойынша - 12, Исатай ауданы бойынша - 1, Қызылқоға ауданы бойынша - 1) 880 оқушыны штаттық режимде оқыту бойынша дайындық жұмыстары ұйымдастырылуда, - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов журналистермен арада өткен брифингте.⠀

Айта кетелік, жаңа оқу жылында Атырау облысындағы білім беру мекемелеріне 101 жас маман келеді. Оның ішінде, 20-сы бастауыш сынып мұғалімі және аудандарға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы 20 маман келеді деп күтілуде.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика