Атырауда пандемия басталғалы соңғы тәулікте бірінші рет коронавирустан кісі өлімі тіркелген жоқ

«2021 жылдың 5 қазаны осындай қуанышты жаңалықпен тарихқа еніп отыр» деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі. ​ ​ ​

​ Атырауда соңғы бір тәулік ішінде 19 адамнан коронавирус анықталды. Қауіпті індеттен 17 емделуші сауығып шықты. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

Эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруын мамандар коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алушылар қатарының көбеюімен байланыстырып отыр. Соңғы тәулікте Атырау облысы бойынша 749 тұрғын екпе алды. Коронавирсқа қарсы екпенің І компонентімен егілгендер саны облыс бойынша ​ 228​ 219 адамға жетті. Екпенің толық компонентін алған атыраулықтар саны 192​ 494 адам. Еске сала кетелік, Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе алу науқаны ақпан айында басталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT