Атырауда ондаған кәсіби жүргізуші «Үлгілі жүргізуші - 2025» атағын алды

Ішкі істер министрі жариялаған «Профилактика жылы» аясында Атырауда көлік жүргізушілерінің жауапкершілігін арттыру және жол қозғалысындағы мәдениетті насихаттау мақсатында республикалық «Үлгілі жүргізуші – 2025» акциясы өтті. 

Іс-шара барысында атыраулық полицейлер автокөліктерді тоқтатып, әр жүргізушінің жүргізуші куәлігін алған кезден бергі құқықбұзушылық тарихын тексерді. Тәртіпті қатаң сақтап, бірде-бір жол ережесін бұзбаған оннан астам қала тұрғыны Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Әбдіғани Сейдуалиевтің Алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ, Қасым Қайсенов атындағы №33 орта мектебінің «Сақшылар» жас жол инспекторлары «Көлік тізгінінде абай бол!» тақырыбында салған суреттерін жүргізушілерге сыйға тартып, арнайы дайындалған «Үлгілі жүргізуші» жапсырмаларын көліктеріне жапсырды.

Акция соңында полиция қызметкерлері жүргізушілерді жолда барынша мұқият болуға, белгіленген жылдамдық режимін сақтауға, қолайсыз ауа райында аса сақ жүруге және кішкентай жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін естен шығармауға шақырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT