banner_damu

Атырауда Ұлттық ұланның сарбаздары тұрғын үйдегі өртті сөндірді

Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, тұрғын үйдегі өрт 11 қыркүйекте сағат 19:40 шамасында болған.

«Атыраудағы №5546 әскери бөлімінің патрульдеу жасағының бастығы Нұрсұлтан Абдуллаев, қатардағы сарбаздар Михаил Лопатин мен Нұрсұлтан Сәрсен тұрғын үйлердің бірінен шыққан қара түтінді байқаған. Олар оқиға орнына жедел жетіп, автокөлік салонының элементтеріне ұқсас белгісіз заттардың жанғанын анықтады. Жалын жақын маңдағы жеке тұрғын үйге таралған. Осы кезде оларға көмек сұрап айқайлаған қарт әйел жүгінген. Ұлттық Ұлан сарбаздары өздеріне төнген қауіпке қарамастан, қолда бар құралдармен өртті жедел сөндірді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ» -деп хабарлады «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі, подполковник Ерболат Сұлтанов.

Өртенген тұрғын үйдің иесі Сағи Әжібаева сарбаздарға алғыс айтып, №5546 әскери бөлімінің командиріне хат жолдады.

«Үйде жалғыз едім. Өрт қаупі төнгенде, оны сөндіретіндей шамам болмады. Ұлттық ұланның сарбаздары қол ұшын созбағанда, үйімнен айырылатын едім. Олардың қиналған сәтте көрсеткен көмегіне ризамын. Қиналған жанға қорған болатын сарбаздарымыз аман-есен жүрсін» - деп алғысын білдірді Сағи Әжібаева.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Жайық суын молайту үшін не істеу керек?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика