banner_damu

Атырауда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 9000 тонна қоры бар

Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары бір қалыпты, деп хабарлайды Aтырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламат мәлімдеді.

- Айналым схемасы арқылы алынған азық-түлік өнімдері "Идеал" және "Лидер" әмбебап меркеттерінің 36 желісінде, көкөніс өнімдері "Дина", "Насиха", "Көктем", "Сарайшық" сауда орындарында сатылуда, - деді Амангелді Саламат.

Оның айтуынша, аймақта азық-түлік өнімдерінің 9000 тонна қоры бар. Бұған қоса өңірімізге әлеуметтік нан және бірінші сұрыпты ұн бағаларын тұрақты ұстау мақсатында үш жақты мемарандум жасақталып, 13 мың тонна бидай тасымалдау жоспарланыпты. Аталған меморандум негізінде әлеуметтік нан бағасы 90, ал бірінші сұрыпты ұн 145 теңгеден сатылады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта тұрақтандыру қорында– 579,6 тонна картоп, 325,8 тонна сәбіз, 339 тонна пияз, 200 тонна орамжапырақ бар.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Жайық суын молайту үшін не істеу керек?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика