«Әлеуметтік желіде Атырау бизнес және құқық колледжі студенттерінің арасында болған төбелес туралы видео тарап кетті» деп хабарлайды ATPress.kz.
Оқиға 19 қазанда колледж маңында орын алған. Бірінші курс студенттері арасында өзара кикілжің орын алған. Екі қыз арасындағы жанжалға үшінші студент те қосылған. Қыздардың арасындағы төбелесті колледж оқытушылары мен студенттер тоқтатқан. Кәмелетке толмаған студенттердің ата-аналарына әкімшілік хаттама толтырылған.
«Студенттер арасындағы төбелес сабақ біткеннен кейін, түскі мезгіл кезінде болған. Жәбір шеккендер, дене жарақатын алғандар жоқ. Оқиғадан кейін біз студенттердің ата-аналарын шақыртып, жиналыс өткіздік. Бірінші курс студенттерімен де түсінік жұмыстары жүргізілді. Психолог жеке әңгімелесті. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Мұндай оқиға колледжімізде бірінші рет орын алып отыр» деді Атырау бизнес және құқық колледжі директорының орынбасары Назерке Кожабаева.