Атырауда «Көліктегі қауіпсіздік» акциясы өтуде

Құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында Көліктегі полиция департаменті Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызмет атқару учаскесінде 2024 жылғы 8-12 қаңтар аралығында «Көліктегі қауіпсіздік» акциясы өткізілуде.

Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімінің полиция қызметкерлері ескертеді:

– Пойыз жүріп бара жатқанда отыруға немесе түсуге болмайды, пойыз толық тоқтаған кезде түсесіз;

– Теміржол бойынан белгіленбеген жерден және вагон астынан өтпеуге;

– Балаларды қараусыз қалдырмауларыңызды;

– Теміржол маңында ашық ойындарды ұйымдастырмауға;

– Келе жатқан поезд алдынан жүгіріп өтпеңіз;

– Есте сақтаңыз Теміржол –ойын алаңы емес!

– Жолаушылар поезының жол жүруі кезінде тәртіп бұзушылықтың, қылмыс пен оқиғалардың әрбір фактісі туралы көлік полициясы қызметкерлерін хабардар етуге.

Сондай-ақ, сағат 23:00 ден 06:00-ге дейін заңды өкілінің, ата анасының қадағалауынсыз жасөспірімдердің түнгі уақытта үй жайдан тыс жерде жүрмеу керек екендігі ескертеді. Атырау станциясы желілік полиция бөліміне қарасты қызмет атқару аймағында қадағалаусыз жүрген кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді анықтаған жағдайда, ата-аналары ҚР ӘҚБтК 442 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT